Бас консулдықта қазақ білімгерлерімен кездесу өтті

Бас консулдықта қазақ білімгерлерімен кездесу өтті

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел мегаполистегі университеттерде оқитын белсенді қазақстандық жастар тобымен кездесті.

Кездесуде Ыстанбұлдағы жастарды толғандыратын мәселелер, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында биыл Ыстанбұлда өткізілуі жоспарланған шараларға студент жастардың белсенді атсалысуы сөз болды.

Тәуелсіздік жылдарында мыңдаған Қазақстан азаматтары Түркияның жоғарғы оқу орындарында білім алған болса, өз кезегінде, көптеген Түркиялықтар Қазақстанның білім ордаларында оқыды. Бүгінде тек Бас консулдықтың консулдық аймағына кіретін провинцияларда мыңнан астам азаматымыз білім алып жатыр.