Бас консул Ә. Байел ҚЭЫҰ басшылығымен кездесті

Бас консул Ә. Байел ҚЭЫҰ басшылығымен кездесті

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының Бірінші орынбасары Елші Эбру Барутчу Гөкденизлермен кездесті.

Тараптар аймақтағы жағдай мен екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

1992 жылы құрылған және 13 мүшесі бар Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымының хатшылығы Ыстанбұлда орналасқан.