Бас консул Ә. Байел Ыстанбұл Көші-қон директорымен кездесті

Бас консул Ә. Байел Ыстанбұл Көші-қон директорымен кездесті

Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы Әлім Байел Ыстанбұл провинциясы Көші-қон департаментінің директоры Байрам Ялынсумен кездесті.

Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде Ыстанбұлдағы Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

Соңғы жылдары Түркияның миллиондаған  шетелдік жұмысшылар, студенттер, туристтер мен босқындарды қабылдап отырғаны белгілі. Бұл тұрғыда елдің ең ірі мегаполисі Ыстанбұлдың орны ерекше.