Бас консул Ә. Байел қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті

Бас консул Ә. Байел қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел 2021 жылғы 1 наурызда Ыстанбұлдың Бағжылар ауданында тұратын жергілікті қазақтармен кездесті.

Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған кездесу жаңа ашылған «Қазақкент Алтай қоғамының» ғимаратында өтті. Бас қосуда қандастар атажұртқа деген алғыстары мен ұсыныс-өтініштерін жеткізді.

Өз кезегінде, Ә. Байел қазақ диаспорасының түрік қоғамындағы жағдайы мен ролін одан әрі нығайтуға бағытталған жұмыстың жалғасатынын айтып, жиналғандармен бұл тұрғыдағы нақты қадамдарды талқылады.