Бас консул Ә. Байел Зейтинбурну мэрімен және Ыстанбұл полициясының басшысымен кездесті

Бас консул Ә. Байел   Зейтинбурну мэрімен және  Ыстанбұл полициясының басшысымен кездесті

2021 ж. 25 қаңтарда Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел Ыстанбұл қаласы Зейтинбурну муниципалитетінің басшысы Өмер Арысоймен кездесті.

Зейтинбурну ауданының Түркия аумағындағы қазақ диаспорасы  тығыз орналасқан жер екендігі белгілі. Өткен ғасырдың орта тұсынан бастап бұл маңайға қоныстана бастаған қандастарымыз қазіргі таңда ауданның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірінде елеулі роль ойнауда.  

Кездесуде тараптар Зейтинбурну ауданында ашылғалы жатқан Абай алаңы мен Абай атындағы орта мектеп секілді нысандарға қатысты жоспарланған жұмыстарды талқылап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған басқа да жобаларды ортақтаса жүзеге асыруға уағдаласты.

Сонымен қатар, Бас консул Ә. Байел Ыстанбұл полициясының басшысы Зафер Акташпен кездесіп, екіжақты байланыстарға қатысты мәселелерді талқылады.