Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы ақпараттық хабарлама

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №255 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.

Бас консулдықтың мекен-жайы:Башак көшесі №35, Йешильюрт мөлтекауданы, Бакыркёй, Ыстанбұл.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.

Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №255 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Түркия Республикасы аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) consulkazist@gmail.com электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Сайлау күні өздеріңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс.

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

+90 (538) 440 96 77;

+90 (553)668 77 93;