Ыстанбұл губернаторының орынбасары Қазақстанның Бас консулдығына келді

Ыстанбұл губернаторының орынбасары Қазақстанның Бас консулдығына келді

Ыстанбұл, 2025 жылғы 7 қазан – Түрік тарапының бастамасымен Ыстанбұл губернаторының орынбасары Мехмет Сюлюн Қазақстанның Бас консулдығына келді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ағымдағы мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» бағытына негізделген ауқымды реформалардың негізгі бағыттары туралы таныстырды.

Күн тәртібіндегі тағы бір өзекті тақырыптардың бірі – ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2025 жылғы 29 шілдеде Түркияға жасаған ресми сапары болды. Бұл сапар жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастықтың символы ретінде өткізіліп, ауқымды экономикалық, мәдени және гуманитарлық бағыттарда тиімді ынтымақтастықты нығайтуға арналғаны аталып өтті.

Ыстанбұл губернаторының орынбасары Қазақстанның Бас консулдығының қызметіне оң көзқарасын білдіріп, болашақтағы ынтымақтастықтың жаңа жетістіктерге жеткізетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл Губернатордың орынбасарына Ыстанбұл қаласының билігі тарапынан сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықта, сондай-ақ Қазақстан азаматтары мен қазақ диаспорасына, әсіресе Ыстанбұлдағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастарға көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдауы үшін алғыс білдірді.