Ыстанбұлда Қазақстанның инвестициялық және экспорттық әлеуеті таныстырылды

Ыстанбұлда Қазақстанның инвестициялық және экспорттық әлеуеті таныстырылды

Ыстанбұл, 2025 жылғы 1 қазан – Ыстанбұлда өткен 4-ші Халықаралық сенімді өнімдер форумы аясында Қазақстандық дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда еліміздің инвестициялық және экспорттық әлеуеті таныстырылды.

Ісшараның мақсаты – халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығын жеделдетіп дамыту, сондай-ақ қазақстандық өндірушілердің шетел нарықтарына шығу мүмкіндіктерін кеңейту болды.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нұриддин Аманқұл шетелдік инвестицияларды өңдеу өнеркәсібі мен қосылған құны жоғары салаларға тартудың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларды қазақстандық экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау шараларымен және отандық өнімді шетелде ілгерілету бағытындағы жұмыстармен таныстырды.

Анықтама: “Güvenilir Ürün Platformu” – жетекші түрік компанияларын, академиялық және сарапшылық орталарды біріктіретін тәуелсіз бизнес-платформа. Ұйым 1000-нан астам мүшені қамтиды және Түркия нарығында орнықты өндірісті, адал сауданы және сапалы өнімдерді ілгерілетудегі негізгі алаңдардың бірі болып табылады.