Түркия Республикасында білім алатын қазақстандық студенттердің назарына:
- Түркия Республикасының аумағында заңды түрде болуға және білім алуға құқық беретін ықтиярхатты (кимлик) уақтылы рәсімдеу және ұзарту қажеттігіне назар аударамыз;
- Арнайы жұмыс визасы болмаған жағдайда еңбек қызметімен айналысу заңсыз екеніне назар аударамыз (студенттік кимлик жұмыс істеу құқығын бермейді).
- Әуежайда бейтаныс адамдардың заттары мен багажын алуға болмайтынына назар аударамыз;
- Жергілікті заңнама мен қоғамдық тәртіп ережелерін қатаң сақтау қажеттігіне назар аударамыз;
- Жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды және оларды рұқсатсыз фото, видеоға түсіруге болмайтынына назар аударамыз;
- Әрдайым өзімен бірге ықтиярхатты (кимлик) алып жүру қажеттігіне назар аударамыз;
- Медициналық сақтандыру полисін уақтылы рәсімдеу қажет екендігіне назар аударамыз;
- Жеке құжаттар мен ақшалай қаражаттың сақталуына ерекше назар аудару;
- Тұрғын үйді жалға алу шарттарын жасау кезінде ерекше мұқият болуды, оның ішінде келісімшарт талаптарын, жалдау мерзімдерін және жалға берушінің ресми тіркелуін тексеру қажеттігіне назар аударамыз;
- Қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде, әсіресе үшінші тұлғаларға ақша аудару және бейресми қаржылық қызметтерді пайдалану барысында сақтық шараларын таныту қажет екендігіне назар аударамыз;
- Жеке басын куәландыратын құжаттарды, банк карталарын және электрондық мемлекеттік сервистерге қолжетімділік деректерін үшінші тұлғаларға беруге болмайтынына назар аударамыз;
- Контрабанда болып есептелетін тауарларды белгіленген мөлшерден тыс көлемде тасымалдауға тыйым салынатынына назар аударамыз (темекі, электрондық темекі, ұялы телефон, жаңа тауарлар және т.б.);
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес пайдалану қажеттігіне назар аударамыз.