Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына!

Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына!

Пәкістан Ислам Республикасында болып жатқан жағдайға байланысты ҚР азаматтарына жағдай қалыпқа келгенше дейін Пәкістанға барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынамыз

Пәкістанда жүрген Қазақстан азаматтарын сақтық пен қырағылық танытуды, адамдар көпжиналатын орындарға барудан бас тартуды, ресми ақпарат көздерін бақылауды және жергілікті билікпен қауіпсіздік қызметтерінің нұсқауларын орындауды сұраймыз.

Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды, өз мекен жайларыңызды хабарлап отыруды және қажет болған жағдайда консулдық-құқықтық көмек үшін жүгінуді ұсынамыз.

Елшілік штаттық режимде жұмыс істеп жатыр және болу елінің құзыретті органдарымен тығыз байланыста.

Өтініштер үшін байланыс телефондары:

Қазақстанның Исламабад қ. Елшілігі:

‪+ 92 (0) 51 226 2920 (кезекші);

‪+ 92 (0) 51 226 2920 (100, 107 консул);

‪+ 92 312 74 78 400 (ұялы телефон, whatsapp)