Исламабад, 2025 жылғы 28–30 сәуір – Қазақстан-Пәкістан Үкіметаралық комиссиясының 13-отырысы аясында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның (ҰАТ АҚ) Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы З. Камзинова цифрлық даму саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау мақсатында жұмыс сапарымен Исламабад қаласына барды.
Сапар барысында ҰАТ АҚ өкілі Пәкістан Ислам Республикасының Азаматтарды тіркеу және деректердің ұлттық базасы (NADRA) мен Ұлттық ақпараттық технологиялар басқармасының (NITB) басшылығымен кездесулер өткізді.
З. Камзинова сондай-ақ Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Шахбаз Шарифтің төрағалығымен өткен Цифрлық даму және инвестициялар форумына (DFDI) қатысты.