Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының делегациясы Пәкістанға барды

Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының делегациясы Пәкістанға барды

Исламабад, 2025 жылғы 28-30 сәуір – Қазақстан мен Пәкістан үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы аясында Исламабадқа ҚР жетекші жоғары оқу орындарының делегациясы келді.

Болу барысында Пәкістанның жоғары білім беру комиссиясының қолдауымен ҚР және ПИР университеттерінің Бірінші Форумы, сондай-ақ «Study in Kazakhstan» білім беру көрмесі ұйымдастырылды.

Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жан-жақты дамыту мен нығайту перспективаларын талқылап, екі елдің ғылыми және білім беру мекемелері арасында жүйелі тікелей өзара іс-қимылды жолға қою қажеттігін ерекше атап өтті.

«Study in Kazakhstan» көрмесінде білім беру бағдарламалары ұсынылды, отандық жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері мен қолда бар ғылыми жетістіктері таныстырылды.

Делегация сонымен қатар Пәкістанның жетекші жоғары оқу орындарында, соның ішінде «Ұлттық ғылым және технологиялар университетінде» (NUST), «Каид-и Азам» университетінде, «Ұлттық заманауи тілдер университетінде» (NUML), сондай-ақ «Roots International Education Group» халықаралық мектебінде болды.

Одан бөлек, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының ғылыми және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (COMSTECH) бас үйлестірушісі Икбал Чаудримен, сондай-ақ Оңтүстіктің тұрақты дамуы мақсатында ғылым және технологиялар жөніндегі комиссияның (COMSATS) атқарушы директоры Мұхаммед Нафис Закариямен кездесулер өтіп, онда көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды егжей-тегжейлі талқылады.

Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістанның жоғары оқу орындары арасында өзара түсіністік туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.