Қазақстан мен Пәкістанның астаналық сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту

Қазақстан мен Пәкістанның астаналық сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту
Исламабад, 2025 жылғы 28 сәуір – Исламабад қаласында болу шеңберінде Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшысы Қанат Алин, Исламабад және Равалпинди қалаларының сауда-өнеркәсіп палаталарына барып, осы ұйымдардың басшылығымен және мүшелерімен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында тараптар елордалық палаталар арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын егжей-тегжейлі талқылап, қолда бар елеулі әлеуетті атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, қалалардың іскер топтары арасында тығыз өзара іс-қимыл орнату, сондай-ақ бизнес-делегацияның өзара сапарларын ұйымдастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.