Қазақстан Көлік министрінің Исламабадтағы кездесулері туралы

Қазақстан Көлік министрінің Исламабадтағы кездесулері туралы

Исламабад, 2025 жылғы 30 сәуір – Пәкістан астанасында болу аясында ҚР Көлік министрі М.Қарабаев ПИР Премьер-Министрі Ш.Шарифпен, Пәкістанның коммуникациялар министрі Абдул Әлім ханмен, сондай-ақ теміржол, теңіз істері және авиация министрліктерінің басшылығымен кездесті.

М.Қарабаев Пәкістан үкіметінің басшысын Қазақстан делегациясының сапары шеңберінде өткізілген іс-шаралар, соның ішінде Карачи қаласындағы ірі бизнес-форум, үкіметаралық комиссияның отырысы және екіжақты қатынастарды тереңдету бойынша қол жеткізілген уағдаластықтары туралы хабардар етті.

Премьер-Министр айтылған бастамаларға толық қолдау білдіріп, екіжақты өзара іс-қимыл шеңберінде, оның ішінде көлік-логистика саласында нақты қадамдарды іске асыру үшін кеңейтілген пәкістандық делегацияны Қазақстанға жіберу ниетін білдірді.

А.Ханмен кездесуде тараптар теміржол, теңіз және автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тұрақты әуе рейстерін қайта бастауға ұмтылысын растай отырып, көптеген мәселелерді талқылады.

Тиімді, қауіпсіз және тұрақты маршруттарды, оның ішінде транзиттік мақсаттарды құруға баса назар аудара отырып, көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі нақты жоспарлар белгіленді.