Қазақстан теннисшілерінің Исламабадтағы J30 халықаралық турниріне қатысуы

Қазақстан теннисшілерінің Исламабадтағы J30 халықаралық турниріне қатысуы
Исламабад, 2025 жылғы 19 сәуір - ү.ж 6-18 сәуір аралығында Исламабад қаласында дәстүрлі түрде Қазақстан спортшылары теннистен J30 халықаралық турнирінде өнер көрсетті.
Бұл турнирге әлемнің 14 елінен 60-тан астам спортшы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан теннисшілері жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Королева Алиса жекелей сында 2 орынға ие болды,
Қос разрядта Баялина Аружан мен Малышева София 1 орын алды.
Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшілігі біздің спортшыларды жоғары нәтижемен құттықтап, Пәкістан теннис федерациясына ұйымдастырушылық пен қонақжайлылықтың жоғары деңгейі үшін алғыс білдіреді.