Қазақстан мен Пәкістан мәдениетаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Пәкістан мәдениетаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Исламабад, 2025 жылғы 15 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Ұлттық мұра және мәдениет жөніндегі Федералды министрі Аурангзеб Хан Хичимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылға ерекше назар аудара отырып, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымын талқылады.

Елші Е.Қыстафин мәдениет, білім беру, спорт және басқа да салалардағы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Қазақстандық тарап 2023 жылғы желтоқсанда қол қойылған мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іс жүзінде жүзеге асырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Осыған байланысты тараптар 2025–2027 жылдарға арналған іс-қимылдың Жол картасын жан-жақты талқылау үшін уәкілетті ведомстволар арасында келіссөздер жүргізуге уағдаласты.

Өз кезегінде А.Хичи халықтарымыздың тарихи тамырларының терең екендігін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Федералды министр мәдени дипломатияның маңыздылығын ерекше атап өтіп, мұражайлар, архивтер және өнер қайраткерлері арасындағы ынтымақтастықты жолға қою қажеттігін айтты.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша жақын арада уәкілетті ведомстволар деңгейінде консультациялар өткізу жоспарлануда.