2025 жылғы 11 сәуірде онлайн-форматта ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин мен ПИР Ақпараттық технологиялар және телекоммуникацияның бірінші вице-министрі – федералды хатшысы Хан Заррар Хашам арасында келіссөздер өтті.
Тараптар АТ саласындағы ынтымақтастықты жолға қою перспективаларын егжей-тегжейлі талқылап, нақты бағыттарды айқындады.
Қаныш Төлеушин Қазақстанның ІТ-нарығындағы ағымдағы жағдай, онлайн-форматта мемлекеттік қызметтерді ілгерілетудегі прогресс, жасанды интеллект, блокчейн технологиялары, финтех және т.б. дамыту тұрғысында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Өз кезегінде Федералды хатшы ПИР үкіметінің басымдықтары мен АТ секторында жүзеге асырылып жатқан саясат туралы хабардар етті.
Х. З. Хашам Қазақстан тарапының айтылған ұсыныстарын қолдап, ҚР-мен ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық білдірді.
Өз кезегінде, ҚР Елшісі Е.Қыстафин 2025 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы айтып, осы жылдың сәуір айында Үкіметаралық Комиссия отырысы шеңберінде қол қоюға жоспарланған құжаттарды келісуді жеделдетуді ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша а.ж. сәуір айының соңында ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар жөніндегі Бірлескен жұмыс тобының 1-ші отырысын ұйымдастыруға уағдаластыққа қол жеткізілді, онда бірлесіп іске асыру үшін нақты жобалар қарастырылатын болады.