Қазақстан мен Пәкістан тоқыма хабтары арасындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Пәкістан тоқыма хабтары арасындағы ынтымақтастықты дамытуда

Исламабад, 2025 жылғы 11 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның тоқыма астанасы Файсалабад қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Рехан Назим Бхарар мырзаны қабылдады.

СӨП президентімен кездесу барысында, Елші Қазақстанда бизнес жүргізу үшін іскерлік мүмкіндіктер, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп саласындағы елеулі әлеует туралы айтып берді.

Сонымен қатар, Елші Е.Қыстафин екі ел арасында, атап айтқанда өңірлік деңгейде сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті.

Өз тарапынан Рехан Назим Бхарара мырза Пәкістанның тоқыма астанасының бизнес-қоғамдастығының Қазақстанмен сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін, сондай-ақ екіжақты іс-шараларға қатысу ниетін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша бизнес-делегацияның Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға, сондай-ақ Шымкент және Файсалабад қалаларының сауда-өнеркәсіп палаталары арасында онлайн және офлайн кездесулер өткізуге уағдаластыққа қол жеткізілді.