Қазақстан мен Пәкістан ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Қазақстан мен Пәкістан ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Исламабад, 2025 жылғы 8 сәуір – ҚР ПИР-дағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Федералдық ғылым және технологиялар министрі Халид Хуссейн Магсимен кездесті.

Келіссөздер барысында Е.Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты нығайту шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, ғылым мен технология саласындағы өзара іс-қимылды дамытудың, оның ішінде екі елдің ғылыми ұйымдары мен ғалымдары арасындағы байланыстарды нығайтудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда Елші министрге ағымдағы жылдың сәуір айының соңында болатын, оның ішінде ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған және осы саладағы құжаттарға қол қою жоспарланып отырған іс-шаралар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Халид Хусейн Магси аталған бастамаларды толығымен қолдап, ҚР ғылыми-академиялық топтарымен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделілік білдіріп, уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен байланыс орнату үшін Қазақстанға бару ниеті туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша ағымдағы жылы нақты жобаларды екіжақты форматта іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.