
Исламабад, 2025 жылғы 3 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі
Е.Қыстафиннің Қазақстан-Пәкістан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Мехмуд Ул Хасан Аван мырзамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында іскерлік байланыстарды одан әрі арттыру, екіжақты сауданы әртараптандыру, сондай-ақ Іскерлік кеңес платформасында екі елдің бизнес топтарының экономикалық мүдделерін ілгерілету мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша ағымдағы жылы бизнес-шараларды бірлесіп өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.