Исламабад, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Исламабад қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасына барды.
Жаңадан сайланған СӨП басшылығымен және мүшелерімен кездесу барысында, Елші Қазақстанда бизнес жүргізу үшін іскерлік мүмкіндіктер мен жоспарланған іс-шаралар, оның ішінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған іс-шаралар туралы айтып берді.
Сондай-ақ, тараптар Астана мен Исламабадтың елордалық палаталары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Өз тарапынан Исламабад қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Насыр Куреши мырза елорданың бизнес-қоғамдастығының Қазақстанмен сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін, сондай-ақ екіжақты іс-шараларға қатысу ниетін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша бизнес-делегацияның Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға, сондай-ақ екі елдің астаналық сауда-өнеркәсіп палаталары арасында онлайн және офлайн кездесулер өткізуге уағдаластыққа қол жеткізілді.