Қазақстан Елшілігі Мардан қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталыққа көмек көрсетті

Қазақстан Елшілігі Мардан қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталыққа көмек көрсетті

Мардан, 2025 жылғы 18 наурыз – Қасиетті Рамазан айында Наурыз және Қайырымдылық күні мерекелері аясында Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі қалыптасқан игі дәстүр бойынша Мардан қаласындағы сөйлеу және есту қабілеті бұзылған балалар орталығына қайырымдылық көмек көрсетті.

Қазақстан-Пәкістан достық тобының және Ұлттық Ассамблеяның бұрынғы мүшесі Бегум Шахин Сайфулла ханыммен бірлесіп, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 100-ден астам отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Әлеуметтік осал топтарды қолдау – Елшіліктің гуманитарлық қызметінің маңызды бағыты болып табылады, және осындай бастамалар дипломатиялық миссия тарапынан алдағы уақытта да жалғасын табады.