Қазақстан Елшісінің Лахор қаласына жұмыс сапары: ынтымақтастықты нығайту және бауырлас қалалар перспективасы

Қазақстан Елшісінің Лахор қаласына жұмыс сапары: ынтымақтастықты нығайту және бауырлас қалалар перспективасы

Лахор, 2025 жылғы 15-16 наурыз – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин жұмыс сапарымен Лахор қаласына барып, Лахор қаласының әкімі – Комиссардың орынбасары Сайед Мұса Разамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және Түркістан қаласымен бауырлас қала қатынастарын орнату мәселелерін талқылады. Лахор қаласының басшылығы Қазақстанмен жергілікті және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.

Сонымен қатар, сапар аясында бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесу өтіп, Лахор қаласының кәсіпкерлер делегациясын биылғы жылы Қазақстанға сапармен жіберу туралы келісімге қол жеткізілді.