
Исламабад, 2025 жылғы 28 ақпан – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин мен Пәкістанның Ислам идеологиясы кеңесінің жаңадан тағайындалған төрағасы Мұхаммад Рагхиб Наими арасында кездесу өтті.
Елші әріптесін жаңа лауазымымен құттықтап, оның басшылығымен Қазақстан мен Пәкістан арасындағы Ислам идеологиясы кеңесімен ынтымақтастықтың одан әрі нығаятынына сенім білдірді. Сондай-ақ, екіжақты күн тәртібі, өткізіліп жатқан іс-шаралар жөнінде ақпарат беріп, әсіресе, Қазақстанның халықаралық бастамаларына, соның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне ерекше тоқталды. Елші осы маңызды діни Форумның қалыптасу тарихы туралы баяндап, аталған жобаға Пәкістан тарапынан тұрақты және белсенді қатысуын атап өтті, сондай-ақ, биылғы жылдың қыркүйек айында өтетін кезекті Съез туралы хабардар етті.
Е. Қыстафин Ислам идеологиясы кеңесінің төрағасы Р. Наимиге Астанаға келіп, Форумға қатысуға ресми шақыру табыстады.
Өз кезегінде, Ислам идеологиясы кеңесінің төрағасы Қазақстанмен және бүкіл Орталық Азия өңірімен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін білдіріп, шақыру үшін алғыс айтып, алдағы Форумға қатысатындығын растады.