Исламабад, 2024 жылғы 2 қазан – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е. Қыстафин Исламабадтағы Поло клуб қауымдастығының басшысы, сондай-ақ «Horse&Horseman» журналының бас баспагері Әділ Шахпен кездесті.
Ә.Шах екі ел арасындағы ұлттық спорт түрлері саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді. Атап айтқанда, Көкпар және Жамбы ату федерацияларымен байланыс орнатуға қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, «Horse&Horseman» журналын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми серіктесі ретінде бекітуге ниет білдірілді.
Өз тарапынан Қазақстан Елшісі екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, «спорттық дипломатия» саласын дамытуға ерекше назар аударды.
Е.Қыстафин айтылған ұсынысты қолдап, қазақстандық тараптың келіссөздер жүргізуге дайындығын атап өтті.