Исламабад, 2024 жылғы 3 мамыр – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің бастамасымен Qazaq Radiolary директорының орынбасары Дана Баянбаева мен Pakistan Radio-сы директорының орынбасары Рахила Тасним арасында онлайн кездесу өтті.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістан радиосы арасындағы ынтымақтастықты орнатуға, оның ішінде контент алмасуға, бірлескен радио продакшн шығаруға, соның ішінде екі елдің тарихы, мәдениеті, туристік әлеуеті, іскерлік мүмкіндіктеріне және т.б. арналған радио подкасттар.
Радиостанциялардың екеуі де қос елдің радио қызметінің көп жылдық тарихы, аумақтардағы таратылатын хабарды тыңдаушылар саны және тарату тілдері туралы сөз қозғады.
Қазақстандық тарап әртүрлі елдер мен қауымдастықтардың этномәдени ерекшеліктерін көрсететін қолданыстағы бағдарламаларды атап өтіп, Pakistan Radio-сын қазіргі уақытта 8 елді біріктіретін және Наурыз мерекесіне арналған жыл сайынғы Халықаралық радиокөпірге қатысуға шақырды.
Пәкістандық әріптестер, өз кезегінде, Qazaq Radiolary делегациясын Пәкістанда өтіп жатқан фестивальдерге, олар туралы бағдарламаларды одан әрі Қазақстанда көрсетуге шақырды.
Кездесу қорытындысымен болашақ ынтымақтастықты егжей-тегжейлі талқылау үшін контент алмасу және келесі кездесулерді ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.