«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» кинотуындысы Исламабадта көрсетілді

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» кинотуындысы Исламабадта көрсетілді

Исламабад, 2024 жылғы 31 қаңтарПәкістан Ұлттық өнер кеңесінде Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі ПИР Ұлттық мұра және мәдениет министрімен және PNCA басшылығымен бірлесіп, урду тіліне аударылған «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» тарихы фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Ұлттық мұра және мәдениет министрі Жамал Шах мырза мен Ақпарат және телерадиотарату министрі Мұртаза Соланги мырза қатысты.

Сәлемдесу сөздерінде пәкістандық саясаткерлер біздің елдер арасындағы мәдени байланыстарды дамыту маңыздылығын атап өтті.

Осы тұста кинематографияның рөлі айрықша аталды.

Министр Жамал Шах, кәсіби режиссер бола отырып, көркем және деректі фильмдерді бірлесіп түсіру саласында ынтымақтастықты орнатуға қызығушылық танытты.

Министр Мұртаза Соланги, өз кезегінде Қазакстан мен Пәкістан медиа қауымдастықтары арасында байланысты нығайтуға толық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Елші Ержан Қыстафин, өз кезегінде 2023 жылдың 21 желтоқсанында Астана қаласында өткен Үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысы барысында Мәдениет саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойылғанын атап өтті.

Осы жылы Қазақстанның Исламабадтағы дипломатиялық миссиясының ашылуына 30 жыл толу мерейтойы тойланатыны, фильмнің сюжеті мен тарихи маңызы туралы айтып берді.

Фильмнің көрсетіліміне Пәкістанның ресми, іскерлік, академиялық, шығармашылық орта өкілдері шақырылды.

Фильмнің көрсетілімі пәкістандық көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Заманауи Қазақстанға арнап ұйымдастырылған фото көрме барысында іс-шара қонақтары тарихи фильмге жоғары баға берді, халықтарымыздың мәдениеті мен дәстүрінің ортақтығын атап өтті.

РТV үздік пәкістандық телеарна басшылығымен фильмді жақын арада көрсету туралы келісім жасалды.

Елші PNCA Бас директоры Мухаммад Аюб Джамали мырзаға мәдени шараны қолдағаны үшін алғыс білдіреді.