Исламабад, 2023 жылғы 26 мамыр – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Файсалабад қаласының Іскер әйелдер сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Рубайна Амджад ханымды қабылдады. Кездесу барысында тараптар екі елдің іскер қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Осы палата мүшелерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.