Исламабад, 2023 жылғы 14 наурыз – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің қолдауымен қазақстандық «Магнум» жетекші сауда-бөлшек сауда желісінің басшылығы мен пәкістандық тұрмыстық химия, жуғыш заттар, сондай-ақ жеке гигиена құралдары және т.б. өнімдер шығаратын көшбасшы «Nimir Chemicals» атты компаниясы арасында онлайн келіссөздер жүргізілді.
Тараптар ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылық танытты және жақын арада бетпе-бет кездесуді ұйымдастыруға уағдаласты.