Исламабад, 2023 жылғы 1 наурыз - Исламабад сауда-өнеркәсіп палатасында «Орталық Азия және Әзірбайжан бөлімінің» (Regional Connectivity Desk for Central Asian countries and Azerbaijan) салтанатты ашылуы өтті.
Бұл платформаны құру өңірлік кооперацияны дамытуға және бизнесмендердің екіжақты деңгейде ғана емес, сонымен қатар көпжақты форматта да өзара іс-қимылына ықпал етуге арналған.
Іс-шара барысында ынтымақтастықты одан әрі дамыту және практикалық шараларды енгізу жоспарлары талқыланды.
Атап айтқанда, Қазақстанның Исламабадтағы Елшісі СӨП мүшелерін іскерлік және инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу үшін Қазақстанға және өңірдің басқа елдеріне баруға шақырды.