Қазақстан Елшісі Пәкістанның Федералды сауда министрімен кездесті

Қазақстан Елшісі Пәкістанның Федералды сауда министрімен кездесті

Исламабад, 2023 жылғы 26 қаңтар – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Федералды сауда министрі Саид Навид Камармен кездесті.

Тараптар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі С.Жұманғариннің өткен сапарының, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысының қорытындыларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2023 жылы Исламабад қаласына алдағы сапарын мазмұнды толықтыру жөнінде өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.