Қазақстан Елшісі «Сауда және өзара байланыс: Пәкістанның Батыс көршісі» тақырыбындағы семинарға қатысты

Қазақстан Елшісі «Сауда және өзара байланыс: Пәкістанның Батыс көршісі» тақырыбындағы семинарға қатысты

Исламабад, 2023 жылғы 24-25 қаңтар – Пәкістанның Ұлттық қорғаныс университетінің Стратегиялық зерттеулер, оқулар және талдау институты «NLC» ұлттық логистикалық компаниясымен бірлесіп, «Сауда және байланыс: Пәкістанның Батыс көршісі» тақырыбында Пәкістан Ислам Республикасының Орталық Азия елдерімен, Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран және Түркиямен ынтымақтастығына арналған семинар ұйымдастырды.

Іс-шараға осы мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары, Пәкістан Үкіметі мен Парламентінің өкілдері, сарапшылық топтар, сауда-өнеркәсіп палаталары, іскерлік және ғылыми қауымдастық қатысты.

Семинардың бірінші күні Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі құттықтау сөз сөйледі. Қазақстанның көліктік-логистикалық мүмкіндіктерін дамытудың басымдығы ерекше атап өтілді, бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев өткен жылы өткен өңірлік құрылымдар мен ұйымдардың (ШЫҰ, АӨСШК, ТМҰ, ТМД) саммиттері барысында бірнеше рет айтқан болатын.

Елші екі ел азаматтардың сауда-экономикалық, инвестициялық және өзара қызығушылық тудыратын басқа салалардағы мүмкіндіктер туралы хабардарлығын арттыру қажеттігін атап өтті, бұл біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі. Мысал ретінде ол айтарлықтай әлеуетті көрсеткен өткен жылы орын алған оқиғаларды келтірді.

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту контекстінде ол жеңілдетуге арналған әуе, теміржол, автомобиль бағыттарын құру және аймақтық ынтымақтастық қажеттілігін атап өтті.

Шараның екінші күні түрлі тақырыптарда шет мемлекеттердің сарапшылары деңгейінде пікір алмасу болды.