Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Кайд-е-Азам университеті арасындағы онлайн келіссөздер

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Кайд-е-Азам университеті арасындағы онлайн келіссөздер

Исламабад, 2023 жылғы 13 қаңтар – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің жәрдемдесуімен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Кайд-е-Азам университеті арасында онлайн келіссөздер ұйымдастырылды.

Келіссөздер барысында тараптар өз қызметі туралы хабардар етіп, профессорлық-оқытушылар құрамы алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жоспарларымен бөлісті.

Кездесу нәтижесінде тараптар университеттер арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы келісімге келді.