Қазақстан Пәкістанға су тасқынының салдарын жою үшін қосымша 500 мың АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсетеді

Қазақстан Пәкістанға су тасқынының салдарын жою үшін қосымша 500 мың АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсетеді

Қазақстан Республикасы Президентінің Қ.Қ.  Тоқаев пен 2022 жылы екі рет болған Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Ш.Шариф Екіжақты кездесулер барысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошанов бастаған мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі С.Жұманғариннің қатысуымен 2022 жылғы желтоқсанда қазақстандық делегациялардың Исламабадқа ресми сапарлары барысында тараптар Пәкістанның өткен жазда табиғи апат – су тасқынынан зардап шеккен аудандарындағы ағымдағы күрделі жағдайды талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан Үкіметіне Ислам Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырды.

Осыған орай, Қазақстан Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы қаулысымен көптеген құрбандарға әкелген су тасқынының жойқын зардаптарын жоюға жәрдемдесу үшін Пәкістан Ислам Республикасына 500 мың АҚШ доллары көлемінде қосымша қаржылық көмек көрсету туралы шешім қабылданды.

Бұған дейін, 2022 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының Үкіметі Пәкістан Үкіметіне қаржылық гуманитарлық көмектің бірінші траншын жіберген болатын.