Карачи, 2022 жылғы 15-16 қараша – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаев бастаған қазақстандық делегация «IDEAS-22» 11-ші қорғаныс өнеркәсібі көрмесіне қатысты

Карачи қаласы, 2022 жылғы 15-16 қараша – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаев бастаған қазақстандық делегация «IDEAS-22» 11-ші қорғаныс өнеркәсібі көрмесіне қатысты.

Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, сондай-ақ әскери-өнеркәсіп кешені компанияларының өкілдері болды.

Іс-шара аясында қазақстандық делегация Пәкістанның және басқа да мемлекеттердің қорғаныс өнеркәсібінің әскери өнімдерімен және қызметтерімен танысты.

Делегация басшысының Пәкістан Қарулы Күштерінің жоғары қолбасшылығының өкілдерімен, сондай-ақ Пәкістан Ислам Республикасының қорғаныс кәсіпорындарының басшылығымен кездесулері барысында әскери-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі және болашақтағы бағыттары талқыланды.