Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Оңтүстіктегі орнықты даму үшін ғылым және технологиялар жөніндегі комиссияның (COMSATS) жаңадан тағайындалған Атқарушы директоры, Елші, доктор Мохаммад Нафиз Закариямен кездесті

Исламабад, 2022 жылғы 16 қараша – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Оңтүстіктегі орнықты даму үшін ғылым және технологиялар жөніндегі комиссияның (COMSATS) жаңадан тағайындалған Атқарушы директоры, Елші, доктор Мохаммад Нафиз Закариямен кездесті.

Кездесу барысында Елші сұхбаттасушыны қызметке тағайындалуымен құттықтап, оған табыс тілей отырып, Қазақстанның ұйым қызметіне қосқан үлесі мен рөлін атап өтті. Екі тарап ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.

Келіссөздер нәтижесінде «COMSATS» басшылығы мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі деңгейінде консультациялар ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді