Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ еліміздің халықаралық бастамаларына арналған "Pakistan in the World" Пәкістан және халықаралық қатынастар орталығымен (COPAIR) бірлесіп ұйымдастырған семинарға қатысты

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ еліміздің халықаралық бастамаларына арналған "Pakistan in the World" Пәкістан және халықаралық қатынастар орталығымен (COPAIR) бірлесіп ұйымдастырған семинарға қатысты

Исламабад, 2022 жылғы 15 қараша – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ еліміздің халықаралық бастамаларына арналған "Pakistan in the World" Пәкістан және халықаралық қатынастар орталығымен (COPAIR) бірлесіп ұйымдастырған семинарға қатысты.

Қазақстан Елшісі өз сөзінде екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен күн тәртібіне тоқталып, оларды қарқынды дамып келе жатқан әріптестік ретінде сипаттады.

Ол шараға қатысушыларды биыл күзде Қазақстанның астанасында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-ші съезі және Пәкістан тарапы жоғары үкіметтік деңгейде қатысқан АӨСШК 6-шы саммиті туралы хабардар етті.

Е.Қыстафин Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев пен Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Ш.Шарифтің ШЫҰ және АӨСШК саммиттері аясында өткен кездесулерінің қорытындыларына жеке тоқталды.

Сонымен қатар, Елші Президент Қ.Тоқаев жүзеге асырып жатқан саяси реформалар, оның негізгі міндеті Қазақстан қоғамын демократияландыру және саяси жүйені ырықтандыру мен ағымдағы жылдың 20 қарашасына белгіленген кезектен тыс президенттік сайлау туралы айтты.

Өз тарапынан «COPAIR» Президенті Амна Малик ханым, сондай-ақ «COPAIR» Төрағасы, бұрынғы Елші Халид Мехмуд мырза Қазақстанның халықаралық бастамаларын, жүргізіліп жатқан реформаларын, сондай-ақ біздің елдеріміздің осы мақсатқа Орталық және Оңтүстік Азия аймағындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

 «Pakistan in the World» ақпараттық басылымының бас редакторы Тазин Ахтар мырза бауырлас елдер – Пәкістан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы дипломатиялық миссиялардың маңызды рөлін бөлек атап өтіп, әртараптандыру мен көп қырлы серіктестік құрудың айтарлықтай әлеуетіне тоқталды.

Шараға жетекші сарапшылық топтар мен БАҚ өкілдері де қатысты.

Елшілік Тазин Ахтар мырзаға іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге көмектескені үшін ерекше алғысын білдіреді.