Қазақстан Республикасының Елшісі «Аймақтық ынтымақтастықтағы бір белдеу – бір жол» бастамасы» халықаралық конференциясына қатысты

Қазақстан Республикасының Елшісі «Аймақтық ынтымақтастықтағы бір белдеу – бір жол» бастамасы» халықаралық конференциясына қатысты

Лахор, 2022 жылғы 8 шілде – Қазақстан Республикасының Елшісі Ержан Қыстафин Лахор қаласына жұмыс сапарының екінші күнінде Пенджаб университеті ұйымдастырған «Аймақтық ынтымақтастықтағы бір белдеу – бір жол» бастамасы» халықаралық конференциясына қатысты.

Е.Қыстафин құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Елші екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына тоқталып, Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізінің қабылдаушы елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамытудағы орны мен рөлін және оның аймақаралық ынтымақтастықтағы маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстанның өңірлік ынтымақтастықты дамытуға деген көзқарастарымен бөлісті және транслогистикалық инфрақұрылымды құрудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Әділ Кәукенов қатысып, «Жаңа геосаяси шындықтағы Жібек жолының болашағы» тақырыбында баяндама жасады.

Іс-шара аясында Елші сонымен қатар Пенджаб университетінің проректорымен кездесті, оның барысында қазақстандық және пәкістандық университеттер арасындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Кездесу нәтижесінде ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты орнату мақсатында ПИР жетекші жоғары оқу орындарының бірінші басшылары делегациясының Қазақстанға сапары туралы алдын ала келісімге қол жеткізілді.

Университет қабырғасында Елші Пәкістанның «Discover Pakistan» телеарнасына сұхбат берді. Ислам Республикасында болғаннан алған әсерімен бөліскен Е.Қыстафин екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарларына тоқталды.