Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Лахор қаласына келіп, Stich ‘n’ Style компаниясына барды

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Лахор қаласына келіп, Stich ‘n’ Style компаниясына барды

Лахор, 2022 жылғы 7 шілде - Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Лахор қаласына келіп, Еуропа елдеріне жеткізілетін тігін, тоқыма және джинсы өнімдерін шығарумен айналысатын Stich ‘n’ Style компаниясына барды. Компания басшылығы Елшіні өндіріс процесімен және өнімдерімен таныстырды.

 Кездесу барысында Қазақстанмен ынтымақтастық орнатудың келешегі, атап айтқанда, кейіннен бірлескен кәсіпорын ашу мүмкіндігімен пәкістандық тауарларды елімізге экспорттау мәселелері талқыланды.

Кездесу нәтижесінде жақын арада Қазақстан компаниясы делегациясының сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.