Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің көмегімен «СҚ-Фармация» ЖШС басшылығы, Қазақстанның PharmMedIndustry фармацевтикалық және медициналық өнімдерді өндірушілер қауымдастығы және Пәкістанның фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы арасында онлайн келіссөздер ұйымдастырылды

Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің көмегімен «СҚ-Фармация» ЖШС басшылығы, Қазақстанның PharmMedIndustry фармацевтикалық және медициналық өнімдерді өндірушілер қауымдастығы және Пәкістанның фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы арасында онлайн келіссөздер ұйымдастырылды
Исламабад, 2022 жылғы 16 ақпан – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің көмегімен «СҚ-Фармация» ЖШС басшылығы, Қазақстанның PharmMedIndustry фармацевтикалық және медициналық өнімдерді өндірушілер қауымдастығы және Пәкістанның фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы арасында онлайн келіссөздер ұйымдастырылды.
Шараға құрметті қонақ ретінде Пәкістан Парламентінің сенаторы, доктор Зарка Сухарварди Таймур ханым қатысты. Жалпы вебинарға екі елдің фармацевтика саласының 40-тан астам өкілі қатысты.
Өзінің құттықтау сөзінде Елші Ержан Қыстафин Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстанда фармацевтика саласын дамыту қажеттігі туралы тапсырмасын еске салды. Осы тұрғыда фармацевтика өнеркәсібі халықаралық нарықта жетекші орын алатын Пәкістанның тәжірибесі мен әзірлемелерін ескере отырып, осы саладағы екіжақты ынтымақтастықты арттырудың бар әлеуетін атап өтті.
Өз кезегінде «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев пәкістандық тараппен ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып, оларды Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар ашуға инвестиция салуға шақырды.
«СҚ-Фармация» стратегия бөлімінің меңгерушісі Айгүл Сыздықова қатысушыларды ұйымның қызметі, басым бағыттары, Қазақстанның фармацевтикалық саласындағы инвестициялық жобалары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті, сонымен қатар IRP фармацевтикалық саласы өкілдерін белсенді ынтымақтастыққа шақырды.
Өз тарапынан, жоғарыда аталған Пәкістан қауымдастығының жетекшілері мен мүшелері де Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы фармацевтика саласындағы әріптестіктің келешегін атап өтіп, мазмұнды келіссөздер жүргізу және нақты жобаларды қарастыру үшін Қазақстанға келуге дайын екендіктерін мәлімдеді.
Шара нәтижесінде тараптар тиісті ақпарат алмасу үшін екіжақты ынтымақтастық орнатуға уағдаласты.