Нұрсұлтан Назарбаев Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев Ислам идеологиясы кеңесінің төрағасы, доктор Кибла Аязбен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев Ислам идеологиясы кеңесінің төрағасы, доктор Кибла Аязбен кездесті

Исламабад, 2021 жылғы 24 желтоқсан – Нұрсұлтан Назарбаев Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев Ислам идеологиясы кеңесінің төрағасы, доктор Кибла Аязбен кездесті.

Б.Сәрсенбаев Орталықтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын ілгерілетудегі қызметі туралы айтты.

К.Аяз Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы, сондай-ақ әлемдегі конфессияаралық келісімді сақтаудағы күш-жігерін жоғары бағалады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында мәдениет және дін саласындағы белсенді өзара іс-қимыл жасасуға уағдаласты.