Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Исламабад стратегиялық зерттеулер институтына барды

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Исламабад стратегиялық зерттеулер институтына барды

Исламабад, 2021 жылғы 24 қыркүйек – Исламабад стратегиялық зерттеулер институтына келген Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин оның Бас директоры Айзас Ахмад Чаудри мырзамен кездесті.

Әңгіме барысында Айзас Ахмад Чаудри Қазақстан дипломатиялық өкілдігінің басшысына Пәкістанның ең үздік сараптамалық орталықтары қатарына кіретін Институттың қызметі, мәртебесі мен ауқымы кең халықаралық байланыстарының егжей-тегжейін айтып берді.

Айзас Ахмад Чаудридің зор қызығушылық білдіргеніне орай, екеуі Институт пен Қазақстанның тәріздес «ой-талқы орталықтары» арасында жүйелі ынтымақтастық қатынастар орнату жолдары жайында кеңесті.

Оның үстінде Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі мен Исламабад стратегиялық зерттеулер институты арасында өзара жұмысқа қатысты нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді.