Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Хайбер Пахтункхва провинциясының астанасы Пешавар қаласына өзінің алғашқы өңірлік сапарын жасады

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Хайбер Пахтункхва провинциясының астанасы Пешавар қаласына өзінің алғашқы өңірлік сапарын жасады

Пешавар, 2021 жылғы 21 қыркүйек – ПИР Президенті доктор Ариф Алвиге сенім грамоталарын тапсырғаннан кейін Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин өзінің алғашқы өңірлік сапарын Хайбер Пахтункхва провинциясының астанасы Пешавар қаласына жасады.

Елші Пешавар қ. университеті ұйымдастырған «Пәкістанның Еуразиямен байланысы: әлеуметтік-экономикалық, академиялық және құқықтық ынтымақтастық жолында» атты ғылыми конференцияға қатысты.

Е.Қыстафин өз сөзінде іс-шараға қатысушыларды өңірлік кооперацияны нығайтуға шақырды, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басшыларымен, оның ішінде Пенджаб университетімен (Пәкістанның ең көне және ірі университеті), Сиалкот университетімен және ПИР оқу және зерттеу орталықтарының басқа да өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, олар өз кезегінде Елшіні екіжақты ынтымақтастық орнату үшін олардың қалалары мен өңірлеріне баруға шақырды.

Конференциядан кейін Хайбер Пахтункхва провинциясының Губернаторы Шах Фарман мырзамен кездесіп, өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Бұдан әрі Сархад сауда-өнеркәсіп палатасының Президентімен және оның мүшелерімен келіссөздер жүргізілді, онда Қазақстанның іскерлік және инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

Содан кейін Пәкістан-Қытай орталығына барып, жергілікті «Kasoti Digital» арнасына сұхбат беріп, Қазақстан мен Пәкістанның орта мерзімді перспективада ынтымақтастығын нығайту жөніндегі өз жоспарлары туралы бөлісті.

Пешаварға сапарының соңында Хайбер сауда-өнеркәсіп палатасының жаңадан сайланған президенті ұйымдастырған ресми кешкі асқа қатысып, провинцияның іскер топтарымен бірқатар кездесулер өткізді.

Сапар қорытындысы бойынша Хайбер-Пахтункхва провинциясымен диалогты нығайту және өңірлік сапарларды ұйымдастыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Жалпы, кездесу барысында Пәкістан тарапы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға үлкен қызығушылық танытты.