Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі ПИР Кәсіпкерлер ұйымының өкілдерін қабылдады

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі ПИР Кәсіпкерлер ұйымының өкілдерін қабылдады

Исламабад, 2021 жылғы 20 қыркүйек – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин ПИР Кәсіпкерлер ұйымының өкілдерін қабылдады.

Пәкістандық бизнесмендерге Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат жеткізілді, сұхбаттасушылар ҚР-дағы экономикалық жағдайға және инвесторларға қатысты саясатқа белсенді қызығушылық танытты.

Кездесу соңында ұйым өкілдері Елшіні салалық келіссөздерді жалғастыру және жергілікті бизнес қауымдастықпен тікелей байланыс орнату үшін Лахор және Фейсалабад қалаларына баруға шақырды.