Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі "Masood Textile Mills" компаниясының өкілін қабылдады

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі "Masood Textile Mills" компаниясының өкілін қабылдады

Исламабад, 2021 жылғы 20 қыркүйек - Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин "Masood Textile Mills" компаниясының өкілін қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Пәкістанның тоқыма өнеркәсібіндегі ынтымақтастығын жолға қою мәселелері талқыланды.

Сұхбаттасушы оның компаниясы елдегі тоқыма саласындағы жетекші 10 экспорттаушының қатарына кіретінін хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша елшінің Фейсалабад қаласына тоқыма саласындағы Пәкістан көшбасшыларының басшылығымен келіссөздер жүргізу үшін сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.