Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафин Исламабадтың Бас мүфтиі, Пәкістан Улем Аман комитетінің төрағасы Акил-ур-Рехман Пирзада бастаған делегацияны қабылдады

Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафин Исламабадтың Бас мүфтиі, Пәкістан Улем Аман комитетінің төрағасы Акил-ур-Рехман Пирзада бастаған делегацияны қабылдады

 

Исламабад, 2021 жылғы 29 шілдеҚазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафин Исламабадтың Бас мүфтиі, Пәкістан Улем Аман комитетінің төрағасы Акил-ур-Рехман Пирзада бастаған делегацияны қабылдады.

Қонақ Қазақстан Елшісін негізгі міндеті түрлі конфессия өкілдері арасындағы диалогты жолға қою және нығайту арқылы исламофобияға қарсы күрес болып табылатын Пәкістан Улем Аман комитетінің қызметі туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Акил-ур-Рехман Пирзада мырза ауылдық жерлер, қалалар, ел өңірлері деңгейінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Өз кезегінде Е.Кистафин бұл саладағы қазақстандық тәжірибе туралы ақпарат берді. Әлем бойынша кең қолдауға ие болған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі бастамасын жеке атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Акил-ур-Рехман Пирзада мырза Қазақстан Елшісін оның ұйымына келуге, сондай-ақ Улем Аман комитетінің бастамасымен өткізілетін іс-шараларға қатысуға шақырды.