Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістан Бірлескен штабтар бастықтары комитетінің Төрағасы генерал Н.Разамен кездесті

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістан Бірлескен штабтар бастықтары комитетінің Төрағасы генерал Н.Разамен кездесті

Исламабад, 2021 ж., 26 шілде - Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Бірлескен штабтар бастықтары комитетінің Төрағасы генерал Надим Разамен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Бұл салада екіжақты әріптестікті одан әрі тереңдетудің айтарлықтай әлеуеті бар екендігі атап өтілді.

Тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасты. Ауған халқы арасындағы бейбіт диалогты ілгерілету және Ауғанстандығы тұрақтылықты қолдауда екі ел мүдделері сәйкес екені және тұтастай алғанда аймақтың мүдделерге жауап беретіндігі баса айтылды.