Исламабадта орналасқан Халықаларық ислам университетіне жолыққан Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Қыстафин бұл университеттің Президенті д-р Хатал Хамуд Әлотайбимен және университет жанында қызмет ететін Ислам зерттеу Орталығының Бас директоры Мұхаммад Зия уль-Хакпен жүздесті

Исламабад, 2021 жылғы 16 шілде Исламабадта орналасқан Халықаларық ислам университетінде жолыққан Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Қыстафин бұл университеттің Президенті д-р Хатал Хамуд Әлотайбимен және университет жанында қызмет ететін Ислам зерттеу Орталығының Бас директоры Мұхаммад Зия уль-Хакпен жүздесті.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Халықаралық ислам университеті арасындағы ынтымақтастық бағыты жөнінде тілдескен тараптар оның ішінде бұл оқу орны басшылығының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің қызметіне тұрақты сипатта қатысуы мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

Осы тұста келесі жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің келесі жиынына қатысу мақсатпен Қазақстанға сапармен келуге шақыруды қайта растаған Қазақстан Елшісінің сөзіне орай Хатал Хамуд Әлотайби бұл іс-шараға қатысатынын айтты.

Оның үстіне сұхбаттастар дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету мен үгіттеу жолында бірлесіп қолға алынатын іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың амалдарын талқыға салды.