Қазақстан Елшісі Ержан Қыстафин Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының офицерлерімен кездесу өткізді

Қазақстан Елшісі Ержан Қыстафин Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының офицерлерімен кездесу өткізді

Исламабад, 2021 жылғы 16 маусым – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин «Достарым-2021» бірлескен Қазақстан-Пәкістан терроризмге қарсы оқу-жаттығуының жоспарлау конференциясына қатысу мақсатында Исламабадқа келген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының офицерлерімен кездесті.

Шара барысында Елші аталған оқу-жаттығудың сипаты мен міндеттері туралы хабардар етіп, кездесудің басты мақсаты – тәжірибе алмасу мен далалық жағдайларда арнайы дайындық жүргізу арқылы терроризмге қарсы күресті күшейту, сонымен қатар  қос мемлекет әскери қызметшілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру екенін мәлімдеді.