Қазақстанның Елшісі Ержан Қыстафин өзінің сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Қазақстанның Елшісі Ержан Қыстафин өзінің сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Исламабад, 2021 жылғы 16 маусым – Пәкістан Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Протокол қызметінің бас директоры Хасан Афзал Ханмен жүздескен Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафин оған өзінің сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Кездесу барысында дипломаттар сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен олардың даму перспективаларына қатысты пікір алмасты.